Зардап шеккендер жоқ
Өскеменде жеке меншік үйде өрт шығып, оқиға орнына 5 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
112 пультіне өрт туралы хабарлама 17:44-те келіп түскен. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер гараж, көлік және шаруашылық құрылыстары өртеніп жатқанын көріп, тұрғын үйге қауіп төніп тұрғанын анықтады.
«Өртті сөндіру кезінде тұрғын үйді оттан қорғай алды. Өрт толықтай сөндірілді. Жалпы ауданы 100 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Жеке құрамнан 18 жуық адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.