Қазір аймақта тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ
Түркістан облысында жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандарының жеке тұрғын үйлерінің 8 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір аймақта тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
ТЖД және ЖАО күштерімен шамамен 25 адам, 10-ға жуық мотопомпамен аула учаскелерінен жаңбыр суын айдау жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс жалғасуда.