Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді
Атырауда 4 адамның өмірін қиған жол апаты болдые, деп хабарлайды Azattyq Ruhy atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті.
10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында С.Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.