Қамыс өрті 2 наурыз күні сағат 15:45-те тұтанған болатын
Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Құрманғазы ауданындағы қамыс өсімдіктерінің өрті сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2500 га алаңдағы өрт 9 наурызда сағат 18:30-да оқшауланды, бүгін сағат 11:00-де жойылды.
Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және ЖАО 60 жуық адам, 21 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, қамыс өрті 2 наурыз күні сағат 15:45-те тұтанған болатын.