Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды
Қызылордада қаладағы шағын аудандардың біріндегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртке оранып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтеншеліктер оқиға орнына дер кезінде жетіп, өрт сағат 22:44-те толығымен сөндірілді.
«35 адам эвакуацияланды. 3 адам автобаспалдақпен шығарылды. 1 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.