Полиция әкімшілік іс қозғады
Әлеуметтік желіде Алматыдағы аялдамада екі троллейбус жүргізушісінің төбелескені түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жолаушылар жанжалдасып жатқан ер адамдарды ажыратпақ болған.
Оқиғаға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.
«Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Оның материалдары сотқа жолданады. Дегенмен, полицияға бұл оқиға туралы бұрын ешқандай дабыл келмегенін атап өтеміз», - деп мәлім етті Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.