Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Олар бір-бірін қуалап жүріп соққыға жыққандарымен қоймай, оқ атқан. Тұрғындардың бірі оқиғаны ұялы телефонға түсіріп,полицияға хабар берген көрінеді. Салдарынан 10-сынып оқушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал 2 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды.
Ресей федералдық полициясымен «бұзақылық» және «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.