СҚО-да екі көлік өртеніп, 2 адам күйіп қалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.