ШҚО-дағы тау-кен кәсіпорынында жұмысшы көз жұмды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы келді

Фото: pixabay.com

Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында «Мырзатаев» ЖК краншысы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news-ке сілтеме жасап.

«Жұмысшы краны сынып қалған соң, бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйреуді сұраған. Бірақ қауіпсіздік шаралары сақталмай, жұмысшыны кран басып қалған. Краншы сол жерде жан тапсырды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы келді.

Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН