Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады
Қызылорда қаласында жол бойындағы талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2.25 шамасында болған.
«Жол бойындағы талға соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Өрт сағат 2.39 минут өткенде толық сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.