Өрттің шығу себебі анықталуда
Павлодарда сауда үйінде батут өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы ТЖД-ға Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы Сауда үйінің 2-қабатында батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеке құрамнан 10 адам мен 2 техника дереу жетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері келген кезде 2-қабатта түтін шыққаны анықталды.
Сауда үйінде адам болған жоқ.
09:12-де өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.