Қарағандыда өрттен 10 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде үш бала бар

Коллаж: Azattyq Ruhy

Қарағандыда Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 17-53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенді. Өрт ауданы 6 ш.м. құрады. Өрт 18-26-да сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның 2-і балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді.

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 бірлік жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.