Түркістан облысында оқушы қыз 3 қабаттан секіріп кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Түркістан облысында 8 сынып оқитын қыз бала 3 қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.

Оқиға Келес ауданындағы О.Есімов атындағы мектепте болған.

«Қыз бала сыныптастарымен жанжалдасып қалған болуы мүмкін», - делінген хабарламада. 

Оқушы қыз ауруханаға жеткізілді. Оған медициналық көмектен бөлек, психологиялық көмек те көрсетіледі.