Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған

Видеодан кадр

Алматыда әйел адам 12-қабаттың терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 1 наурызда таңертең «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған.

Сондай-ақ желіде жарияланған видеода бойжеткеннің жүкті болғаны айтылады.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.