Қостанайда көлігінде талып қалған жүргізушіге полицейлер көмектесті

Автор: Azattyq Rýhy

Белгілі болғандай, жүргізуші қант диабетімен ауыратын болып шықты

Коллаж: Azattyq Ruhy

Қостанайда полицияға автовокзал маңындағы Абай даңғылының шетінде тұрған көліктің күдікті болып көрінгендігі туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары айтылған мекенжайға келіп, көліктің терезесін қаққанымен жүргізуші жауап бермеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алау ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қозғалыссыз отырған және көзін жұмған ер адамның жағдайы полицейлерге күдікті болып көрінді. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырды.

Мамандар мен полицейлер жолаушы терезесін сындыруға мәжбүр болды.

Ер адамды жедел жәрдем қыметі ауруханаға жатқызды.

Белгілі болғандай, жүргізуші қант диабетімен ауыратын болып шықты.