Астана әуежайынан өрт шықты

Автор: Аманалина Тоғжан

Адамдар эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«112-ге Астана қ. халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін болып, эвакуация жүргізілуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді. Белгілі болғандай, әуежайдың №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанған.