Петропавлда автосервис орталығы өртке оранды

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіру кезінде ғимараттан 6 автокөлік эвакуацияланды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда «Айман» автосервис орталығы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамының 64 адамы мен 14 техникасы жіберілді.

Оқиға орнына СҚО ТЖД  бастығы Ерік Сарыбаев пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Нүкішевтің қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Өрт сағат 00.07 оқшауланды. Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.