Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам, оның ішінде 4 шетелдік құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ

26 ақпанда Жуалы ауданында, Шымбұлақ ауылынан 8 шақырым жерде жергілікті маңызы бар автожолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан жеті адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жеңіл автокөліктен барлығы жеті адам құтқарылып, олар жақын маңдағы Б. Момышұлы ауылына жеткізілді. Құтқарылғандардың төртеуі Қытай азаматтары.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.