Өскеменде трамвай жүргізушісі жол апатына себепкер болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші ауа райы қолайсыздығын ескермеген

Фото: kharkov.comments.ua

Өскеменде қала ортасынла трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты өткен демалыс күндері болған.

Трамвай Үлбі көпірі арқылы Абай даңғылынан келе жатты.

«Жүргізуші жол және метеорологиялық жағдайларды ескермеді. Жолдың тайғақ болуына байланысты трамвай Hyundai Accent көлігімен соқтығысуға жол берді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды.