Қарағандыда көп қабатты үйдің алдынан тастанды нәресте табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оның анасын іздестіруде

Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.