Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

24 ақпан күні сағат 16.19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын газ жанған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірден ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, сонымен қатар жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған.