Өскеменде зауыт қызметкерлері есте сақтау қабілетін жоғалтқан ер адамға үйіне оралуға көмектесті

Автор: Azattyq Rýhy

1964 жылы туған ер адам деменциямен ауыратын болып шықты

Фото: polisia.kz

22 ақпанда бейтаныс адам Ұлан ауданында орналасқан құс фабрикасына келіп, сондағылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам өзінің кім екенін және қайдан келгенін нақты айта алмаған, сондықтан кәсіпорын қызметкерлері полицияға жүгінді.

Полиция ауыл тұрғынының жеке басын анықтап, оны үйіне апарды.

«1964 жылы туған ер адам деменциямен ауырады. Тұрғындардан қамқорлыққа мұқтаж туыстарын қараусыз қалдырмауын сұраймыз», - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.