Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған балаларды көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға медициналық көмек көрсетілді

Бейнеден кадр

Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған балаларды көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 22 ақпанда болған.

«Оқиға Алатау ауданы «Әйгерім» шағын ауданында болды. Көліктің астына кәмелетке толмаған екі бала түсті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аталмыш жол апатын өндіріске қабылдады», - деп мәлім етті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.