Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматы тауларында жас жігіттің денесі табылды, полиция тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің денесінің табылуына байланысты тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша ол биіктен құлап кеткен. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.