Эколог мәслихаттың кезектен тыс отырысында боғауыз сөз қолданған
Кәсіпкер, әрі Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей әріптесінің орынсыз әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Қоғамға экология мәселелерін көтерумен танылған Тимур Елеусізов Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында баяндама оқып жатып, боқтап жіберген еді. Оның боғауыз лексика қолданған видеосы бірден тарап кетті.
«Алматы жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эепидемиялық жағдайды сипаттайтын органикалық өңір саналады, мұнда жануарларға противопиз туу, б... жүргізеді», - деп боғауыз сөз қолданған еді.
Оның бұл орынсыз әрекетіне енді әріптестері араша түсіп жатыр.
«Әріптесім Тимурды мәдениетті отбасынан шыққан азамат ретінде білемін. Бұл байқаусызда шығып кеткен қыстырма сөз деп ойлаймын. Қатты сөге көрмеңіздер», - деді Алматы қаласы маслихатының депутаты Дулат Тастекей.
Мәслихаттың баспасөз қызметі де балағат сөздерді қолдануға жол берген депутатқа қатысты шұғыл жиын өткізгендерін хабарлады. Депутаттың өзі көпшіліктен кешірім сұрады.
«Осыған қарамастан, Алматы қаласының мәслихатында барлық депутаттардың қатысуымен дереу әңгіме өткізілді, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық әдепті қатаң сақтау қажеттігі және әріптестері тарапынан айыптау айтылды», - деді қалалық мәслихатта.