Өрт сөндіруге «102» қызметі жұмылдырылды
Өрттің шығу себебі мен салдары анықталуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 20 ақпанда сағат 00-09-да Қамзин көшесінде ашық аумақта 2004 жылы шыққан «ВАЗ-21103» маркалы автокөлік толығымен жанып кетті.
«Өрт шалған аумақ бес шаршы метрді құрады. Сағат 00-22-де оқшауланып, сағат 00-32-де толығымен жойылды», – дейді департаментте.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ден бір техника мен алты қызметкер, «102» қызметі жұмылдырылды.