Қазіргі уақытта алматылық полицейге қатысты тергеу басталды
Алматыда есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікпен басқа жол-патрульдік машинасымен соқтығысты. Осы оқиғаға байланысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, наркологиялық сараптама қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың зәрінен «мефедрон» химиялық есірткі заты табылды.
Қазіргі уақытта алматылық полицейге қатысты тергеу басталды.
«Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан босатылды. Басқа бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл дерек ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.