Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығуына себепші болған ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, оның 10-ы бала. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, 49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын жанып, линолеум жанған.

«Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.