Қайғылы оқиға 16 ақпанда сағат 05:50-де болған
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 16 ақпанда сағат 05:50-де болған.
«Ниссан» көлігінің жүргізушісі – 1984 жылы туған азамат Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстік бағытта келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні – 1968 жылы туған әйелді қағып кеткен. Апат салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Полицейлер аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, сараптама тағайындады.