Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

51 жастағы әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен әйел ауыр жарақаттар алған.

«Өкінішке орай, ол ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды», – деп хабарлады Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы.

Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем қызметіне 51 жастағы қала тұрғынының құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17:03-те түскен болатын. Дәрігерлер оқиға орнында төрт минуттан кейін болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.