Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды
Өскеменде синтетикалық есірткі жеткізумен айналысқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 15 грамм болатын «a-PVP» есірткі затын тапты. Полицейлердің айтуынша, бұл шамамен 50 реттік доза.
Күдіктіге есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны не өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.