Ақтауда дөңгелек ауыстыру орталығында өрт шығып, екі өзбекстандық күйіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: Instagram.com/mangystau_tjd

Ақтаудағы дөңгелек ауыстыру орталығында өрт шығып, екі Өзбекстан азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау ТЖД мәліметінше, 13 ақпанның кешінде Ақтау қаласы 28А шағын ауданындағы дөңгелек ауыстыру орталығында автомобиль шиналарыны өртенген.

«Оқиға орнына дереу ТЖД жеке құрамның 12 адамы және 3 бірлік жіберілді. Өрт сағат 22:04-те жойылды. Өрт сөндірушілер көлемі 40 литр болатын 2 газ баллонын шығарды», - делінген хабарламада.

Жұмыс орнында екі өзбекстандықты күйік шалды. Олар ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Өрттің себебі анықталып жатыр.