Түркияда алтын кенішінде көшкін жүріп, жұмысшылар үйінді астында қалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиға орнына іздеу-құтқару отрядтары жіберілді

Түркияның Эрзинджан қаласының Илич ауданында орналасқан алтын шахтасында көшкін жүріп, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына іздеу-құтқару отрядтары жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 ақпанда сағат 14:00 шамасында Эрзинджан провинциясының Илич ауданындағы шахтада көшкін болды. Үйінді астында қалып қойған адамдар бар екенін хабарланды.

Құтқару жұмыстарына 400 адам жұмылдырылған. Алтын шахтасында 667 жұмысшы ауысыммен істейді.