Атырауда мектепте құрдасын ұрған жасөспірімнің ата-анасы жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: freepik.com

Оқиға 12 ақпанда сағат 18:00 шамасында №42 орта мектеп болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 жастағы жасөспірімдер арасындағы жанжал бейнебақылау камераларына түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy МойГород ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Аталған факті бойынша полиция бөліміне құқық бұзушылар мен куәгерлер жеткізілді.

Жасөспірімдердің бірінің әкесі арыз жазды. Нәтижесінде екінші жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.