Қызылорда облысында жасөспірімнің өлімі бойынша тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мектеп оқушысының денесі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен табылған

Фото: polisia.kz

Қызылорда облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өлімі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті 12 ақпанда жеткізілген.

«Аталған дерек бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

24 kz жазуынша, кеше қала іргесіндегі Белқұл ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен жасөспірімнің денесі табылған. Полицейлердің мәліметінше, марқұм No189 орта мектептің оқушысы болған.