Сонымен қатар Зайсанда ауа райының күрт жылуына байланысты таулы жерлерде қар ери бастаған
11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын ауылы- Самар» автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкіні өздігінен түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендер мен қираулар болған жоқ.
«Облшығысжол» ЖШС-нан 2 адам және 2 техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Аталған орында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ бекеттер қойылды.
Сонымен қатар облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, 11 ақпанда Зайсанда ауа райының күрт жылуына байланысты таулы жерлерде қар ери бастаған.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Аудан орталығында бірнеше техника жұмыс істеп жатыр.