6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристті іздеп тапты
Алматы облысында «Үш ағайынды» шыңы (2680 м) маңайында ер адам аяғының гипотермиясына байланысты қалаға өздігінен түсе алмай, «112» нөміріне қоңырау шалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристті іздеуге шықты.
«Сағат 18:30-да ТЖМ құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметі туристті жедел машина орналасқан шлагбаумға дейін көтеріп түсірді. 24 жастағы Ресей азаматы медициналық көмектен бас тартты», - делінген хабарламада.