Алматы облысындағы Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні болды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында жалпы көлемі 52,5 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар көшкіні облыстық маңызы бар «Түрген ауылы – Батан» автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау күштері жүргізуде. Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтуде. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

«Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысы мақсатында жолдың осы учаскесі бойынша жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қ.- Есік көлі және Түрген автожолының 15 километрінен 41 километріне және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20 шақырымынан 41 шақырымына дейін жабылды», - делінген хабарламада.