Екі баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Түркістан қаласында жаладамалы пәтерден өлі табылған екі баланың анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оtyrar телеарнасының хабарлауынша, екі баласын айуандықпен өлтірді деп күдіктелген әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.
Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі растады.
«Оқиға толық зерттелмеген және нақты ақпарат берілген жоқ. Жалған ақпараттар мен болжамдар таратпауға шақырамыз. Аталған адамды көрген-білгендер болса, тиісті құзырлы органдарға хабарласуды сұраймыз», - деп түсіндірді білім басқармасы оқиғаға қатысты.
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғаны хабарлаған болатынбыз.