Бұл жағдай бойынша тергеу жалғасуда
Ақтауда сейсенбі күні көшеге жалаңаш шығып елді шошытқан ер адамды полиция ұстады. Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күдікті ұсталғаннан кейін бірден психиатриялық диспансерге жатқызылды. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі сай жарияланбайды. Бұл жағдай бойынша тергеу жалғасуда», - делінген ПД хабарламасында.
Еске сала кетейік, 6 ақпан күні әлеуметтік желіде Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген адамның бейнежазбасы жария болған еді. Кейін бұл жағдайдың 6-ықшамауданда болғаны анықталды.