Бортта экипаждың үш мүшесі болған
Ресейде Ми - 8 Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Карелиядағы Онежское көлінің үстінде жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Онежское көлінің үстіндегі оқу-жаттығу ұшуы кезінде Карелия Республикасының Прионеж ауданындағы Деревянное елді мекеннің маңында Ресей ТЖМ Солтүстік-Батыс авиациялық-құтқару Орталығының Ми-8 тікұшағы байланысқа шығуды тоқтатты», - деп мәлімдеді Ресей ТЖМ.
Бортта экипаждың үш мүшесі болған. Іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқиға орнына құтқарушылар тобы жөнелтілді.
«Құтқарушылар отырған Солтүстік-Батыс аэронавигациялық қызметінің Ан-26 ұшағы ұшып кетті», - делінген министрлік хабарламасында.
Кейін Mash Telegram арнасы Ми-8 ұшағының бөлшектері Деревянное ауылынан 10 шақырым жердегі Онежксое көлінен табылғанын хабарлады.
Оның фюзеляжының бір бөлігі іздестіру жұмыстарынан алыс емес жерде мұздан табылды. Іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін сүңгуірлер жіберіледі.
Ми-8 тікұшағы 2004 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің есебінде тұр. Ұшақ капитаны Евсеев пен экипаж мүшелерінің тағдыры әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы көз жұмды.