Апаттан 5 адам зардап шекті
Ақмола облысында Астана – Қарағанды бағыты бойынша жаппай жол көлік оқиғасы болды. Бірсуат ауылы жанындағы учаскеде (1318 шақырымда) 11 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhу.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа 29 жастағы «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі себепші болған.
Ол жоғары жылдамдықпен алға қарай келе жатқан «Фольксваген Полоға» соғылған. Тойота жүргізушісін қосқанда 5 адам зардап шекті. Олар «жедел жәрдем» дәрігерлеріне тапсырылды.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ