Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде

Фото ашық дереккөзден

Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, оқиға 2 ақпан күні болған.

«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.