Көкшетауда 10 жасар бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді

Фото ашық дереккөзден

Көкшетауда 10 жасар бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді. Операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайтадан дәрігерге көрінген. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.

Осы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында екі күн ішінде 3 бала қайтыс болды. Екеуінің жасы бірден енді ғана асқан. Олар түрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған.