Алматыда қару арсеналы жасырылған орын анықталды – ҰҚК

Автор: Аманалина Тоғжан

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.