Қытайда түнде және таңертең тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар түнде Алматыда сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 4.27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында болған.
Сейсмологтар оңтүстік астанадағы дүмпулердің күшін 2 балға бағалады.
Сондай-ақ Қытайда түнде және таңертең тағы бірнеше дүмпу тіркелді (соңғысы Астана уақытымен 7.44-те болды), Қазақстанда олар сезілген жоқ.