Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тартылды
Атырау облысындағы Жұмыскер-1 ауылының 1998 жылы туған тұрғынының із-түзсіз кеткеніне алаңдаған туыстары ертесіне, яғни 28 қаңтар күні құтқарушыларға хабар берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайыққа сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша ол балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі күннен бері Жайық өзенінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған ТЖД-ның 4 құтқарушысы жұмылдырылған.