«Ағасын пышақтап, қызды зорламақ болған»: зардап шеккен қыз ауруханадан шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Ағасы әлі де ауруханада қалмақ

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында көршісінен зәбір көрген 14 жастағы қыз ертең ауруханадан шығады. Бұл туралы Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қаунов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уақытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлік бақылауда болады», - деді Б.Қаунов.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.