Тағы бір адам ауруханада жатыр
Атырауда көлік мұзға құлап, жүргізуші қаза тапты. Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұзға құлап, салдарынан 31 жастағы жүргізуші көз жұмды.
«17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.