24.01.2024, 17:34
Оқиғалар
Екібастұзда терезеден құлап, көз жұмған әйелдің құрсағында алты айлық сәбиі болған
Оның жүктіліктің 22-аптасында болғаны анықталды
Фото ашық дереккөзден
Екібастұзда терезеден құлаған әйелдің құрсағында алты айлық сәбиі болған. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодарға жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынының он жасар баласы бар және анасымен бірге тұрған.
«Оның жүктіліктің 22 - аптасында болғаны анықталды. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодар қаласына жіберілді», – деді басқармада.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де жүкті әйел биіктіктен құлаған. Жедел жәрдем бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шыққан болатын. Полиция аталған фактіге қатысты тергеу жүргізуде.
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі